Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ-де бастауыш сынып оқушылары арасында «Тапқыр болсаң, озып көр» атты танымдық сайыс өтті. Іс-шараны ДБЖЖО Ш. Ильясова ұйымдастырып, мұғалімдер В. Ибадуллаева мен П. Мусабаева 4-сынып оқушыларымен жоғары деңгейде өткізді. Сайыстың мақсаты – оқушылардың қазақ және орыс тілдері бойынша білімін шыңдау, алғырлық пен тапқырлықтарын дамыту. Сайысқа қатысқан топтар: «Тапқырлар» «Дарындылар» «Алғырлар» 5 кезеңнен тұратын сайыс барысында оқушылар өз білімдері мен өнерлерін жан-жақты көрсете білді. Қорытынды бойынша: І орын – 4 «А» сынып ІІ орын – 4 «Ә» сынып ІІІ орын – 4 «Б» сынып Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Жас дарындарға сәттілік тілейміз! Осындай білім бәйгелері жалғасын таба берсін!