"Таза Қазақстан" акциясы – таза болашақтың кепілі! Бүгін, 16.05 күні облыс әкімі бірінші орынбасарының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында эко акция «Жасыл ел» күніне орай мектебімізде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға мектеп қызметкерлері белсенді еңбек етті. Акция барысында мектеп ауласы толық тазартылып, арық-атыздарды күтіп ұстау, кіреберісте санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлесімізді қостық. ️Бұл тек тазалық жұмысы ғана емес, табиғатқа деген жанашырлық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болды. ️Осындай игі шаралар арқылы біз жас ұрпақты еңбекқорлыққа, табиғатты аялауға және туған жеріне қамқор болуға тәрбиелейміз. Таза орта – дені сау ұрпақтың негізі!