«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ ұжымы “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында білім беру ұйымдарының аумақтарын көркейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында, мектеп ауласында гүлзар орындарды белгілеп, бірнеше гүл сұрыптары отырғызылып, құстарға арналған үйшіктер орналастырылды.
Бұл игі шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, мектеп ауласын көгалдандыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру болып табылады. Табиғатты аялау – әрбір азаматтың міндеті екендігін ұғындыру арқылы оқушылардың бойында жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру көзделді.
Шара барысында мектеп әкімшілігі мен ұжым мүшелері белсенділік танытып, аула аумағын тазалап, гүл көшеттерін отырғызып, оны күтіп-баптаудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Осындай бірлескен еңбектің нәтижесінде мектеп ауласы көркейіп, айналаға ерекше сән мен көрік берді.
Көктем мезгілі – жаңару мен жаңғырудың кезеңі. Осы орайда егілген гүлдер мен құстарға арналған үйшіктер тек мектеп ауласын әсемдеп қана қоймай, білім алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.
Бүгінгі жасалған әрбір игі іс – ертеңгі жарқын болашақтың кепілі. Сондықтан табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Таза Қазақстан – баршамызға ортақ іс!