2026 жылғы 03 қазан күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында Түркістан облысы, Арыс қаласындағы " Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-де сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Ж. Айтбаев ұйымдастыруымен техникалық қызметкерлер мектеп ауласын, мектепке келетін жолды және жол жиектерін тазалау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жол жиектері әктеліп, түскен жапырақтар жиналды.
Тазалық жұмыстарының басты мақсаты – мектеп аумағын көркейту, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Таза орта – жарқын болашақтың кепілі! Әрбір игі іс туған жеріміздің көркеюіне қосылған үлес!