Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Арыс қаласындағы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Сенбілікке мектеп мұғалімдері мен кіші қызметкерлері белсене қатысты. Ұжым болып мектеп ауласы мен айналасын тазалап, қоқыстарды жинау, аумақты ретке келтіру, тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты игі істер атқарылды.

Осындай сенбіліктердің басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, туған жерге деген сүйіспеншілікке, жауапкершілікке және табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Бірлікпен атқарылған әрбір игі іс – туған өлкеміздің көркеюіне қосылған үлес. Тазалық – баршамызға ортақ міндет!

«Таза Қазақстан» – таза мектеп, таза қала, таза болашақ!

#WorldCleanupDay #ТазаҚазақстан #ӨзіңненБаста #Начниссебя