Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!

Түркістан облысы, Арыс қаласы

«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ

2026 жылғы 05 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасын іске асыру мақсатында мектеп аумағында «Мектеп ауласын таза ұстаймыз!» ұранымен сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында мектеп ауласының тазалығы мен көріктендірілуіне ерекше көңіл бөлініп, аумақты қоқыстан тазарту, жиналған қалдықтарды шығару, айналаны ретке келтіру және тазалық жұмыстарын жүргізу жұмыстары атқарылды.

Іс-шараны мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Ж.Айтбаев мектептің жұмысшыларымен бірлесе отырып ұйымдастырып, сенбілік жұмыстарына белсене қатысты.

Тазалық – мәдениеттің бастауы. Мектеп ауласын таза ұстау – қоршаған ортаға деген жауапкершілігіміздің көрінісі. Осындай игі бастамалар арқылы оқушыларға тазалықты сақтау, табиғатты аялау және туған жерге жанашырлықпен қарау құндылықтарын қалыптастыруға үлес қосамыз.

Таза аула – таза мектеп – таза қала!

«Таза Қазақстан» – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!