Арыс жалпы білім беретін мектеп КММ-де 2025-2026 оқу жылының
18 - сәуір күні
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында мектептің кіші қызметкерлері аумақты абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында мектеп ауласы мен айналасы тазартылып, қоқыстар жиналды, жаяу жүргіншілер жолы сыпырылып, гүлзарлар мен жасыл аймақтар ретке келтірілді.
Акцияның басты мақсаты: – қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және ұжымдық жауапкершілікті арттыру.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.