Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 14 сәуір күні кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы “Теміржолда өзіңді сақта“ акциясы, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу сонымен қатар оқушылардың темір жол аймағында өмір қауіпсіздігін сақтауы, темір жол аумағында оқыс оқиғалардың алдын алу мен жаңа оқу жылының басталуы қарсанында барлық оқу орындарында жастардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру жөнінде, суық қаруды, кастеттерді және өзге де тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау мен пайдаланудың салдары туралы түсіндіру мақсатында 8-11 сынып оқушыларымен жиын өтті.
Жиынға Арыс 1 ст. КПБ ӘПБ-нің инспекторы полиция капитаны К.К.Балхибеков Б , Арыс АК команда бастығының орынбасары М.С. Акмурзаев, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: М. Жандарбеков қатысты.
«Теміржолда өзіңді сақта» акциясы аясында оқушыларға темір жолдың қауіпті аймақ екені, темір жол инфрақұрылымы нысандарында қауіпсіз жүріп-тұру ережелері, рұқсат етілмеген жерлерден өтпеу, пойыз қозғалысы кезінде сақтық шараларын сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиын барысында оқушыларға түнгі мезгілде көшеде беймезгіл жүруге болмайтындығы. Ата-анасыз ұсталған жағдайда айыппұл салынатындығы айтылды. Жасөспірімдер арасында бір-біріне әлімжеттілік көрсету, зорлық-зомбылық жасау, әлеуметтік желі арқылы біреудің ар-намысына тию сияқты мәселелер айтылып, оның соңы Заң аясында қаралып, жауап беретіндігі ескертілді.