«Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың қыркүйек айының 5 күні қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесі аясында «Тіл – татулық тірегі» тақырыбындағы онкүндіктің ашылу салтанаты өтілді.
Мақсаты: Тіл арқылы қазақстандық бірегейлікті нығайту, барлық қазақстандықтарды мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі идеясының айналасына топтастыру, азаматтардың, оның ішінде өскелең ұрпақтың санасында қазақ тіліне деген құрмет пен қызығушылықты арттыру