«Толағай» спорттық сайысы өтті! 2026 жылдың 7 сәуір күні "7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне" орай директордың бейін жұмысы жөніндегі орынбасары Ш. Ильясованың ұйымдастыруымен мектепалды даярлық сыныптары арасында «Толағай» спорттық сайысы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті Сайысқа әр сыныптан 6 оқушы қатысып, өзара бақ сынасты. Балалар шапшаңдық, ептілік және ұйымшылдықтарын көрсетіп, ерекше белсенділік танытты ️ Сайыс кезеңдері: «Кім жылдам» «Шар жару» «Арқан тартыс» «Қол күрес» Қорытынды нәтижелер: І орын – «Бірлік» тобы (18 балл) ІІ орын – «Жігер» және «Бүркіттер» топтары (14 балл) ІІІ орын – «Сұңқар» тобы (11 балл) Барлық қатысушылар белсенділік танытып, жарыс өте қызықты әрі тартымды өтті Жеңімпаздар марапатталып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады