Түркістан облысы білім басқармасының «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы Қаблашова Гулжазираның ұйымдастыруымен "Балалар кітапханасы" жобасы аясында Ыбырай Алтынсариннің(1841-1889)қазақтың аса көрнекті ағартушы -педагогы,жазушы,этнограф ,қоғам қайраткері туғанына 185 жыл толуына байланысты 5-6 сынып оқушылары арасында көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты:Алғашқы ұстаз,ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен шығармаларымен оқушыларды таныстыру.Ақынның әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілік ке ,еңбекқорлыққа ,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушылардың жүйелі сөйлей алу дағдыларын, ой – өрісін, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Ақынның "Мейірімді бала,Әке мен бала " атты шығармасын видеодан көрсетіп талқылады.Оқушылардың білімге қызығушылықтарын арттыру мақсатында кітап оқуға шақырды .