«Жанға жетер» бірыңғай ата-аналар жиналысы. Арыс қаласы білім бөліміне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 13.05.2026 жылы
2025-2026 оқу жылының аяқталуына байланысты МАДТ , 1-11 сыныптар аралығында "Жанға жетер" тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты: – оқу жылының аяқталуы кезінде түлектердің қауіпсіздігі мен психологиялық саулығын қамтамасыз ету, мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестікті нығайту. ️ Мектеп бітіру іс-шараларындағы орынсыз шығындарды (банкет, кортеж) шектеу.
Мұғалімдерге заңсыз сыйлық берудің алдын алу туралы заңнамалық түсіндірмелер беру. ️
Түлектердің қауіпсіздігі мен құқықтық жауапкершілігін талқылау. ️Оқу жылының аяқталуы кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. ️Мектеп бітіруге арналған орынсыз шығындар мен теріс әрекеттердің алдын алу. ️ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
4. Қоғамдық тәртіп: Түнгі уақыттағы шектеулер Жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 442-бабы негізінде «Коменданттық сағат» талаптарын сақтау міндетті:
2. Сағат 23:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің (ата-анасының) еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуына ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. 3. Бұл талапты бұзу ата-аналарға ескерту жасауға немесе айыппұл салуға негіз болады. Түнгі уақыттағы бақылау — баланы шектеу емес, оны криминогендік тәуекелдерден қорғау құралы болатыны түсіндірілді.
7. Қорытынды жадынама (Ата-аналарға арналған Checklist).Ата-аналарға балалардың жазғы бос уақытын жоспарлауға арналған практикалық нұсқаулық таратылды.
• Бағыттау: Қатаң бақылаудан стратегиялық бағыт-бағдар беруге байланысты түсіндірілді.
• Ашық диалог: Түнгі шектеулер мен қауіпсіздік ережелерін «өмірлік дағды» ретінде талқыланды.
• Құрмет: Оқушының мамандық таңдауын және оның жеке шекарасын құрметтеуге,
• Қаржылық тәрбие: Баланы ақшамен жұмыс істеуге және уақытты жоспарлауға бағыт берілді.