Арыс қаласының Білім бөлімі КММ қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен 2026 жылдың мамыр айының 04 жұлдызында «Болашаққа бастар жол» тақырыбында мазмұнды әрі тартымды сайыс өтті. Сайыс барысында қатысушылар өз білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Әрбір қатысушының тың идеялары мен белсенділігі – еліміздің ертеңіне деген сенімді арттыра түсті. Осындай игі шаралар жас мамандардың дамуына серпін беріп, жаңа белестерді бағындыруға жол ашады.
Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз және алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!