Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөліміне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025-2026 оқу жылында
Сәуірдің 20сы күні 9"А" сынып жетекшісі Кучкарбекова Жанар «Жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында сынып сағатын өтті.
Мақсаты: Оқушыларға буллинг және кибербуллинг ұғымдарын түсіндіру.
Зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын үйрету.
Оқушылардың бір-біріне құрметпен қарауын қалыптастыру.
Қауіпсіз интернет мәдениетін дамыту.
Мұғалім оқушылармен сәлемдесіп психологиялық ахуал қалыптастырғаннан соң ,оқушыларға сұрақ қояды.«Буллинг деген не?»
«Кибербуллингті естідіңдер ме?»
Оқушылардың жауабынан соң,қысқаша буллинг пен кибербуллинг туралы мәлімет айтып кетеді. Оқушыларға талқылау үшін сұрақтар тастайды.«Егер сені мазақтаса не істейсің?»
«Досыңды қорласа не істейсің?» оқушылар өзара талқылайды. Топтарға бөлініп, жағдаяттарды сахналайды:
1 топ.Буллинг жағдайы
2 топ.Кибербуллинг жағдайы
Қалған оқушылар шешім ұсынады,жәнеде оқушыларға "Қауіпсіз интернет" ережелері бойынша талқылау ұсынылады.
Жеке мәліметті жарияламау,
күмәнді адамдармен сөйлеспеу,
ренжітетін хабарламаларды
елемеу сынды.
Сабак соңында оқушылар мынаны біледі: Буллингтің зиянын түсінеді.
Қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет етеді.
Бір-біріне қолдау көрсетуді үйренеді.
Буллингтің түрлерін ажырата біледі.
Эмпатия, қолдау көрсету дағдыларын орындауды біледі.
Мұғалім:Әр адам құрметке лайық, Буллингке жол жоқ! деп қорытындылайды.
#Біртұтас_тәрбие
#Адал_азамат
#Буллинг