Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты " Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 19 қазан күні 8 "Ә" сынып оқушыларына педагог-психолог Мақажанова Айкерім “Жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу"тақырыбында тренинг өтті.
Мақсаты: оқушылар арасында буллингтің алдын алу, оның түрлері мен зардаптарын ұғындыру. Өзара сыйластық пен достықты дәріптеу, мейірімділік пен татулықты қалыптастыру. Мектепте қауіпсіз әрі қолайлы психологиялық ахуал орнату. Буллингтің алдын алу деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіп, оқушылардың пікірлері мен көзқарастарын зерделеу.