Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026–2027 оқу жылының 8 қазан күні кітапханашы Г. Қаблашова 5 «Б» сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оқушыларға буллингтің түрлері, оның алдын алу жолдары, құрдастар арасындағы өзара сыйластық пен мәдени қарым-қатынастың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Қиын жағдайға тап болған немесе өз құқықтарының бұзылғанын сезінген жағдайда қайда және кімге жүгіну керектігі түсіндірілді.
Балалардың құқықтарын қорғау қызметінің «111» бірыңғай байланыс нөмірі таныстырылып, оған қандай жағдайларда хабарласуға болатыны айтылды. «111» нөміріне ермек үшін немесе жалған себеппен қоңырау шалудың мұқтаж балаларға уақытылы көмек көрсетуге кедергі келтіруі мүмкін екені ескертілді. Оқушылар сұрақ-жауап арқылы өз ойларын ортаға салды, буллинг түрлерімен таныстыру үшін бейнероликтер көрсетілді.