Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026-2027 оқу жылының 06 қазан күні педагог-психолог А.Мақажанова және ДТЖЖО Қ.Исаев 6-11

сынып окушылары арасында “Жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу”

тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмыстары барысында оқушыларға буллингтің түрлері, оның алдын

алу жолдары, құрдастар арасындағы өзара сыйластық пен мәдени қарым-

қатынастың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, қиын жағдайға

тап болған немесе өз құқықтарының бұзылғанын сезінген жағдайда қайда және

кімге жүгіну қажеттігі түсіндірілді.

Балалардың құқықтарын қорғау қызметінің «111» бірыңғай байланыс нөмірі

туралы ақпарат беріліп, аталған нөмірге қандай жағдайларда хабарласуға болатыны

түсіндірілді. Оқушыларға «111» нөміріне жай ғана ермек үшін, бей- жай немесе

жалған себеппен қоңырау шалудың дұрыс еместігі, мұндай әрекет қызметтің шын

мәнінде көмекке мұқтаж балаларға уақытылы көмек көрсетуіне кедергі келтіруі

мүмкін екендігі ескертілді.

Сондай-ақ оқушылар арасында «Сізге қалай қарайды?» тақырыбында экспресс-

сауалнама жүргізілді. Сауалнама жасырын (анонимді) турде алынды.