Арыс жалпы білім беретін мемлекеттік мекемесінде 1-11 сынып оқушыларына арналған «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында бірыңғай қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға жаз мезгілінде кездесетін қауіптердің алдын алу жолдарын түсіндіру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Сабақ барысында оқушыларға көшеде жүру тәртібі, жол қозғалысы ережелерін сақтау, велосипед пен электросамокатты дұрыс пайдалану туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, су айдындарында, табиғат аясында демалу кезінде сақ болу, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдай туындағанда дұрыс әрекет ету жолдары айтылып, түрлі мысалдар келтірілді. ️Білім алушылар сабаққа белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара арқылы оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өмірі мен айналасындағы адамдарға деген жауапкершілік екені түсіндірілді. Сонымен қатар, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары насихатталды.