#педагогикалықшеберхана
Арыс қаласының Білім бөлімі ММ қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың қараша айының 10-20 күндері аралығында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К. Турегельдиеваның ұйымдастыруымен "Математика, информатика және физика: өзара байланыс, жаңа білім және шығармашылық" тақырыбы онкүндігі барысында 26.11.2025 ж күні Избасарова Динара 7"А" сыныбында физика пәнінен әдістемелік сабақ өтті.
Тақырыбы: "Тығыздықты есептеу"
Сабақтың мақсаты:3.1.2.1*Тығыздықтың формуласына есептер шығару* .
Үй тапсырмасын "Суреттер сөйлейді" әдісі арқылы пысықтады. Тығыздық туралы толық мәліметпен қамтыды, эксперимент жасалды.
Жаңа сабақ. Тығыздықты есептеу. ,,Миға шабуыл,, әдісі арқылы экранға сурет шықты, оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Әр топқа эксперименттік есеп берілді, оқушылар зертханалық құралдарды пайдалана отырып, есептеулер жүргізді, плакатқа жазды, дәлелдеді. Оқушылар тақтамен,дәптермен жұмыс жасады.
3-деңгейде жұптық жұмыс орындады.
Сабақты қорытуға "Сұрақ бізден,жауап сізден" әдісімен жаңа өтілген тақырыпқа байланысты тапсырма орындаттым. Кері байланыс алынып, үй тапсырмасы берілді. Оқушылар белсене қатыса отырып,сабақ мақсатына жетті.